Қазақстан құрамасы Қытайдағы Азиадада жарыс жолын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы Қытайдағы 2025 жылғы Азия ойындарында хоккей турнирі аясында дебюттік матч өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Олег Болякин командасының қарсыласы Тайланд құрамасы болды. Ойын Қазақстан құрамасының 12:0 есебімен үлкен жеңісімен аяқталды.
Шайбаларды Вячеслав Колесников, Роман Старченко, Руслан Оспанов, Иван Степаненко, Әлихан Өмірбеков, Евгений Рымарев, Андрей Булялский, Темірлан Гайтамиров, сондай-ақ Артем Лихотников пен Әділ Бекетаев дубльмен көзге түсті.
Келесі матчты Қазақстан құрамасы турнирдің иелері — Қытай құрамасы өткізеді (5 ақпан).