Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Бэлла Самашева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
Бэлла қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.
Осылайша Бэлла Самашева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.