Нұрқанат Әжіқанов каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Нұрқанат Әжіқанов каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Нұрқанат қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына кезекті қола жүлдені салды.

Айта кетейік, бұған дейін Бэлла Самашева (55 келіге дейін) үшінші орын алған еді.