Қазақстан командасының Олимпиадада киетін киім үлгісіне жаңа конкурс жарияланды

Қазақстан командасының Олимпиадада киетін киім үлгісіне жаңа конкурс жарияланды

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы Ереже шарттарына сәйкес Комиссия отырысында анықталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Конкурс кезеңдері:

I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 10 сәуір 20:00-ден 15 сәуір сағат 18:30 дейін).

ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 16-17 сәуір аралығы).

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Асқаров жауапты.



Күн шежіресі