logo

Қазақстан командасы Азия кубогында 6 медаль жеңіп алды

Қазақстан командасы Азия кубогында 6 медаль жеңіп алды

Бүгін Корея Республикасының Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогының финалдары аяқталды.

Еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Жүлдегерлер: 

Алтын - Иван Чернухин мен Владислав Яковлев (әр спортшыда 1 ескектен, жұптық сын); 

Алтын - 4 адамдық ерлер командасы (әр спортшыда 1 ескектен жұптық сын) Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Владислав Галкин; 

Күміс - Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев (жеңіл салмақтағы жұптық жарыс, қос ескек); 

Күміс - Мария Чернец пен Екатерина Носкова жұбы (әйелдер арасында жеңіл салмақ); 

Күміс - Артём Матусевич (жекелей сын, ерлер арасындағы жеңіл салмақ) 

Қола - Роза Кеңес (әйелдер арасындағы жеңіл салмақ) 

Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті. 

Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді. Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады. 



Күн шежіресі