logo

Қазақстан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазіргі таңда Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. 

Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.



Күн шежіресі