logo

Қазақстан футбол федерациясы шалғай елді мекендердегі балаларға футболды тегін үйрену курсын бастайды

Қазақстан футбол федерациясы шалғай елді мекендердегі балаларға футболды тегін үйрену курсын бастайды

Қазақстан футбол федерациясы «D» санатты футбол жаттықтырушысының лицензиясын алу үшін тегін онлайн-курс ашады, деп хабарлайды Sport+  

Бұл, жоба кез келген адамға жаттықтырушы қызметінің негізгі қағидаларын үйренуге және балалармен жұмыс істеуге қажет дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.   Курс нәтижелері бойынша сертификат алған қатысушылар аймақтық футбол қауымдастықтары ұйымдастырған қорытынды тестілеуден өтіп, білімін растауға мүмкіндік алады. Емтиханды сәтті тапсырғандар «D» санатты ресми лицензияны алып, кәсіби жаттықтырушы ретінде мансапқа жол ашады.  

Курстың негізгі ерекшеліктері: Тегін оқу: курс кез келген адамға қолжетімді және тегін ұсынылады, Онлайн формат: интернет қосылу болса, кез келген уақытта және кез келген жерде оқуға болады, Жауапкершілік: бағдарлама балалардың қауіпсіздігі мен жаттығуларда жағымды атмосфера құруға басымдық береді, бұл жаттықтырушыларға футбол дағдыларын тиімді үйретіп қана қоймай, шәкірттерімен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Бұл — шағын қалалар мен шалғай елді мекендердегі балаларға футболды тегін үйрену мүмкіндігін ұсынатын коммерциялық емес жоба.  



Күн шежіресі