logo

Қазақстан дзюдо құрамасы Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін үш медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдо құрамасы Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін үш медальмен аяқтады

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Барлық медальдер қола болып табылады. Үшінші орынға Дәурен Сүйукенов (60 келі дейін), Әбиба Әбужақынова (48 келі дейін) және Назгүл Маратова (78 келі жоғары) көтерілді.

Турнирде бесінші орын алғандар: Мағжан Шамшадин (60 келі дейін) және Карина Такиева (78 келі жоғары).