logo

Қақпашы Ульянов ерлігінің арқасында «Қайрат» жеңіске жетті

Қақпашы Ульянов ерлігінің арқасында «Қайрат» жеңіске жетті

Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында алматылық «Қайрат» пен «Атырау» шеберлік байқасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші таймда «Атыраудың» шабуылшысы Педро Эуженио өзінің әрекетінің арқасында пенальтиге қол жеткізді, бірақ португалдық легионер «Қайраттың» ресейлік қақпашысы Вадим Ульяновтан айласын асыра алмады. Алайда, бұл сәттен кейін VAR төрешілері ойынға араласып, Ульяновтың әрекетінде ережі бұзушылық байқады. Эуженио айып соққысын қайтадан орындады, бірақ Вадим екінші рет  соққыны қайтара алды.

Кездесудегі жалғыз голды қарымта шабуыл барысында Жоао Паулодан пас алған Еркебұлан Сейдахмет соқты. Екінші таймның соңында қосылқы құрамнан алаңға шыққан «Атырау» легионері Матеус Барбоза қарсыласты қасақана шынтақпен ұрғаны үшін алаңнан қуалды. Бұл эпизодта да VAR көмектесті.

«Қайрат» осы ойыннан кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде үздік үш команда қатарында қосылды. Ал «Атырау» жеті ұпаймен 11 орында қалды.