Елордалық дербиде «Астана» жеңіске жетті
Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында елордалық «Жеңіс» пен «Астана» арасында футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймда «Астана» басым болды, бесінші минутта номиналды қонақтар құрамында Рамазан Кәрімов голмен ерекшеленді. Кездесудің екінші жартысында Бабаянның шәкірттері ойынды минималды жеңіспен аяқтады.
Осылайша, «Астана» турнирдің ширек финалының үшінші қатысушысы болды, бұған дейін «Атырау» мен қостанайлық «Тобыл» өз ойындарында жеңіске жеткен болатын.