«Қайсар» бразилиялық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасады
Қызылордалық «Қайсар» 24-жасар бразилиялық жартылай қорғаушы Микеэс Еваристомен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24-жасар Микеэс бразилиялық Б Сериясының «Баия» клубан ауысты. Бұған дейін ол «Итуано» және «Америка Минейро» командаларында ойнаған. Негізгі позициясы — жартылай қорғаушы.
Өткен маусымда ол Б Сериясында 39 матч өткізген, 1 гол соққан және 2 нәтижелі пас берген.