logo

«Арыстандар» қайта жанданған «Санта Клараға» қарсы: «Спортинг» – «Санта Клара» матчының тікеле эфирі

«Арыстандар» қайта жанданған «Санта Клараға» қарсы: «Спортинг» – «Санта Клара» матчының тікеле эфирі

Бас бапкер ауысқаннан кейін «Санта Клара» қайта жандана бастады. Енді Арманду Петидің жетекшілігімен команда қатарынан үш жеңіске жетіп, плей-офф аймағынан арақашықтығын ұлғайтты.

Алайда келесі сынақ — Португалияның қазіргі чемпионы «Спортинг». Олар Чемпиондар лигасында «Буде-Глимтке» қарсы керемет камбэктен кейін «Алверканы» жеңді. Дегенмен «арыстандарға» босаңсуға әлі ерте: біріншіден, «Порту» әлі де алда, ал екіншіден, «Бенфика» өкшеден басып келеді және турнирлік кестеде «арыстандардан» тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана қалып тұр.

Бірінші айналымда «Спортинг» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал жаңа кездесу 3 сәуірден 4 сәуірге қараған түні, сағат 00:30–да өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі