logo

«Қайсар» алматылық «Қайрат» түлегімен толықты

«Қайсар» алматылық «Қайрат» түлегімен толықты

Қызылорданың «Қайсар» клубы 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Нұрдәулет Ағзамбаев – «Қайрат» академиясының түлегі. Алматы клубынан кеткеннен кейін ол «Тұран», «Жас Қыран», «Яссы» және «Түркістан» командаларында өнер көрсетті.

Орталық шабуылшының соңғы клубы «Хан-Тәңірі» болды. Ол Өткен маусымда Бірінші лигада 28 матч өткізіп, 9 гол соқты.



Күн шежіресі