«Қайрат» УЕФА жасөспірімдер лигасында «Бетиске» үлкен ұтылды
Алматылық «Қайрат» УЕФА жасөспірімдер лигасында жорығын жалғастырып, екінші раундта испандық «Бетиспен» кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Матчтың қорытынды есебі 6:1, алматылықтар сапында жалғыз допты Асқар Бижан соқты.
Бір аптадан кейін командалар Алматыда қарымта матч өткізеді. «Қайратқа» аталмыш ойында қызыл қағаз алған үш футболшы көмектесе алмайды — Ильдар Меңдіғалиев, Элхан Саидов және Асқар Бижан.