«Қайрат» турнир кестесінде көш бастады (видео)
«Қайрат» Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген матчы аясында өз алаңында «Жеңісті» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Голдарды Эдмилсон, Марк Гуаль және Луиш Мата соқты.
Осы жеңістің арқасында «Қайрат» турнирлік кестеде «Ордабасыдан» озып, бірінші орынға көтерілді.