logo

«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, ел чемпионатының соңына дейін тур қалғанда бірінші орынға шықты

«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, ел чемпионатының соңына дейін тур қалғанда бірінші орынға шықты

Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының 25-ші турында 2:1 есебімен шымкенттік «Ордабасы» командасын жеңіп, ел чемпионатында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sport+.

Бірінші таймның соңында есепті «Қайраттың» бразил шабуылшысы Элдер Сантана ашты. Бірақ 75-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестірді. Ойынның 84-минутында Олжас Байбектің дәл соққысы алматылықтарға жеңіс әкелді.

«Ордабасы» 39 ұпаймен чемпионатта үшінші орында қалды, шымкенттік ұжым чемпиондық атағын корғауға деген үмітін үзді. 

«Қайрат» 44 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатында бірінші орынға шықты. Алайда «Астананың» тағы бір ойыны бар. Елордалық клуб 3 қарашада қостанайлық «Тобылмен» кездеседі.