«Қайрат» матчтың соңында жеңісті жұлып алды
Талдықорғанда QFL Olimpbet Премьер-лигасының 24-турындағы «Жетісу» мен «Қайрат» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Қонақтар ерлік танытып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алматылықтар алдымен Серікжан Мужиковтың голынан кейін 0:1 есебімен ұтылып жатқан болатын.
Бірінші тайм барысында Александр Мартынович есепті теңестірді, ал матчтың соңында жеңісті «Қайратқа» Офри Арадтың голы алып келді.
Бұл жеңіс алматылықтарға «Астана» мен «Ордабасы» өз ойындарын өткізгенше турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді.