logo

«Қайрат» футбол клубының жаңа бапкері белгілі болды

«Қайрат» футбол клубының жаңа бапкері белгілі болды

Қызметінен босатылған Кирилл Кекердің орнына уақытша бас бапкер ретінде Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Рафаэль Уразбахтин тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «4 мамырда өтетін „Атыраумен“ алдағы матчқа команданы бұрын „Қайрат-жастар“ командасының тізгінін ұстаған Рафаэль Уразбахтин дайындайды», — деп хабарлады «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Кирилл Кекер Қазақстан чемпионатының алтыншы турының матчында «Қайсардан» (0:1) жеңілгеннен кейін «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті.

Кирилл Кекер негізгі құрамды 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды. Оның басшылығымен алматылық команда 60 матч өткізіп, 29 кездесуде жеңіске жетіп, 15 матчта тең түсіп, қарсыластарынан 16 рет жеңілген. Осы кезеңде «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

Рафаэль Уразбахтин 1998-2004 жылдар аралығында Қазақстан құрамасында намысын қорғап, еліміздің бас командасының жейдесінде 12 матч өткізіп, 2 гол соқты. Футболшы ретінде «Қайрат», «Ростельмаш», «Елімай», «Ақтөбе-Ленто» және т. б. клубтарда ойнап үлгерді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)