Өзбекстан құрамасының қорғаушысы «Қайратқа» ауысуға жақын
«Пари НН» бас директоры Давид Мелик-Гусейнов Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошевты «Қайратқа» ауысу бойынша келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Біз Юлдошевқа қатысты «Қайратпен» келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол Алматыға ауысуы мүмкін», – деді ресейлік маман.
22 жастағы Юлдошев «Пари НН» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Аталмыш команда үшін 63 ойын өткізіп, үш гол салды және бес нәтижелі пас берген.
Ибрихимхалил Өзбекстан құрамасы сапында 16 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Юлдошев Өзбекстан құрамасының Азия кубогына арналған кеңейтілген тізіміне кірді, бірақ бұлшық ет жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайды.