logo

Путинцева әлемнің 8-ші ракеткасын жеңді

Путинцева әлемнің 8-ші ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Юлия қытайлық Чжэн Циньвэньді 7:5, 2:0 есебімен жеңді. Екінші сетте есеп 2:0 қазақстандықтың пайдасына болғанда, Чжэн жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Үшінші айналымда қазақстандық американдық Каролин Долхайдпен кездеседі.



Күн шежіресі