Попко Словакиядағы турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстандық Дмитрий Попко «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Дмитрий Попко Братиславадағы (Словакия) турнирде хорватиялық Матей Додигті 6:1, 6:4 есебімен ұтты.
Ол ширек финалда польшалық Камиль Майхшакпен кездеседі.