logo

Дмитрий Попко Братислава челленджер турнирін жеңіспен бастады

Дмитрий Попко Братислава челленджер турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 393-орында тұрған түркиялық Янки Эрельмен аса тартысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші партияда тай-брейкте Попко сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Екіншісінде Эрель есе қайырды – 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші сетте түркиялық теннисші 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық спортшы матчты брейкпен түйіндеді – 6:4. 

Үш сағатқа созылған бәсеке барысында Попко 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Эрель 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) шектелді. 

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 328-ракеткасы, хорватиялық Матей Додигпен шеберлік байқасады.

Өткен аптада М.Додиг Загреб (Хорватия) челленджер жарысының ширек финалында Д.Попконы 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп кеткен еді. Бұл жолы қалай болатынын 13 маусым күні болатын ойын көрсетеді. 



Күн шежіресі