logo

Александр Бублик Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

Александр Бублик Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде тай-брейкте матчты бітіре алды – 7:6 (7:4).

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 18 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Меджедович 14 эйспен көзге түсті.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен таласады.

Ол екінші айналымда 3 сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта рейтингіде 65-орындағы германиялық Доминик Кёпферді жолдан тайдырды – 6:7 (9:11), 7:6 (7:5), 6:3.