logo

ҚФФ президенті Абай облысының жаңа әкімі болуы мүмкін

ҚФФ президенті Абай облысының жаңа әкімі болуы мүмкін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Абай облысының жаңа әкімі болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+ Ulysmedia сайтына сілтеме жасап.  

Омаровтың кандидатурасы жоғары деңгейде мақұлданғаны атап өтілді. Жаңа әкімнің ресми тағайындалуы 17 ақпан, дүйсенбі күні күтілуде.

Бұған дейін бұл лауазымға Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда оның кандидатурасы «екінші кезекте» қарастырылып жатыр. Уәли де Семей қаласының тумасы.  

36 жастағы Марат Омаров Семей қаласында туған. Жақында ғана ол Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланған.



Күн шежіресі