logo

Павлодарда «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталды

Павлодарда «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталды

Биылғы жорық көрнекті геолог-ғалым Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Марафон-бәйгенің үшінші маусымы Павлодар – Астана бағыты бойынша басталды.

Командалар бес күн бойы күніне 100 шақырым жол жүріп өтуі тиіс. Әр 50 шақырым сайын командалар мен олардың аттарына демалуға мүмкіндік беріледі. Жылқылардың жағдайын тәжірибелі ветеринарлар бақылайды. Айта кету керек, әр команданың жолға шығу уақыты әртүрлі.

Бірінші команда сағат 07.00-де, келесілер екі минут аралықпен жолға шықты. Нәтижесінде соңғы команданың сапары 07.36-да басталды. Командалардың қандай нөмірмен жарысатыны жеребе тарту барысында анықталды.