logo

Павлодар облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Азамат Имашев Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport +.

Ол бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

Азамат Болатұлы 1981 жылы туған, жоғары білімді. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласындағы Каратэ-до және жекпе-жек өнері федерациясының менеджері болып бастаған. 2007-2011 жылдары оның вице-президенті болды.

2012-2022 жылдары Астана қаласының олимпиадалық резервті дайындау орталығының жаттықтырушысы, Астана қаласының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы, Астана қаласының №7 БЖСМ директоры болып еңбек етті.

2022-2024 жылдары - Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2024 жылдың сәуірінен бастап ҚР туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.



Күн шежіресі