Жеңіске бірге жүгір: Астаналықтар ерекше түнгі жүгіріске қатысты
Астана тұрғындары 21:00-де Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды Sport +.
Астана қаласының жұма түнінде сынап бағамы -8 градусты көрсетіп тұрса да, ұйымдастырушылар 1000 адамдық лимит қойса да, Ботаникалық саябақта салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қарасы әдеттегідей өте көп болды. Кезекті ерекше «Түнгі жүгірісте» 1 500-ге жуық әуесқой спортшы тіркелді.
Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 10-да, ең егдесі 68 жаста болды. Әуесқой жүгірушілер тек қана 4 шақырымды еңсеріп қана қоймай, суық ауа райында ыстық шай мен сэндвичке қарық болып, арнайы естелік медаль алды.