logo

Өзбекстандық 22 жастағы таэквондошы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Өзбекстандық 22 жастағы таэквондошы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Париж Олимпиадасында Өзбекстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл жолы 22 жастағы таэквондошы Улугбек Рашидов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанып отыр.

Айта кетейік, өзбек спортшысы 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол финалда иорданиялық Заид Кареммен кездесіп, оны қиындықсыз жеңді.

Осылайша Улугбек Рашидов Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанып отыр. 2021 жылы болған Токио Олимпиадасында да өзбек таэквондошысы топ жарып, небәрі 19 жасында жеңімпаз атанған болатын.

Өзбекстан тарихында бұрын-соңды Олимпиаданы екі рет жеңген спортшы болмаған.

Рашидовтың жүлдесі – Өзбекстанның Париж олимпиадасындағы екінші алтыны. Осыған дейін дзюдодан Диера Келдиерова чемпион атанған еді.