Паралимпиадашылар мен әлемдік ТОП-100 шеберлері: Ақтауда Zijin RG Gold Open теннис турнирі мәресіне жетті

Паралимпиадашылар мен әлемдік ТОП-100 шеберлері: Ақтауда Zijin RG Gold Open теннис турнирі мәресіне жетті

Ақтауда арбадағы теннис бойынша ITF Wheelchair 50 сериясына жататын халықаралық Zijin RG Gold Open жарысы мәресіне жетті. Тартысты бәсекелер 23-26 мамыр аралығында Каспий теңізінің жағалауындағы корттарда өтті. Бұл турнир халықаралық тур аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып, Қазақстанда өткен көктемгі кәсіби жарыстар сериясының мәрелік түйіні болды.

Дүбірлі жарыста Азия мен Еуропаның 10 елінен келген 60-тан астам спортшы бақ сынады. Кортта Қазақстан құрамасының көшбасшыларымен бірге Малайзия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де мемлекеттердің белді теннисшілері өнер көрсетті. Турнирдің деңгейі жоғары екенін қатысушылардың мәртебесі де дәлелдейді: бас жүлде мен ITF ұпайлары үшін әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіндегі ойыншылар мен Паралимпиада ойындарының қатысушылары кортта шеберлік байқасты.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне Қазақстан теннис федерациясының байырғы әрі сенімді серіктесі – Zijin RG Gold компаниясы үлкен қолдау көрсетті. Айта кетерлігі, бұл жоба компания үшін адаптивті спорт бағытына бет бұрудағы алғашқы маңызды қадам болды.

Финалдық ойындардың нәтижесі

Жекелей сын
Ерлер (Main Draw):
Налуэмитр Бенкхунтход (Тайланд) – жеңімпаз
Бунконг Кломпхан (Тайланд) – финалист

Әйелдер (Main Draw):
Виктория Львова (Ресей) – жеңімпаз
Людмила Бубнова (Ресей) – финалист

«Квад» санаты (Quad Singles, үстіңгі және төменгі мүшелерінің (қол-аяғының) функциялары шектелген спортшылар):
Бунчерд Джайен (Тайланд) – жеңімпаз
Чонлапхат Сород (Тайланд) – финалист

Ерлер (Жұбаныш жарысы / Consolation):
Воракит Дангчеинг (Тайланд) – жеңімпаз
Ранавеера Ралс (Шри-Ланка) – финалист

Әйелдер (Жұбаныш жарысы / Consolation):
Айжан Бұтымбаева (Қазақстан, Қарағанды) – жеңімпаз
Жанат Үмітқұлова (Қазақстан, Ақтөбе) – финалист

«Квад» санаты (Жұбаныш жарысы / Consolation):
Ча Мин Хён (Оңтүстік Корея) – жеңімпаз
Мотоки Сугано (Жапония) – финалист

Жұптық сын
Ерлер жұбы (Men's Doubles): Н. Бенкхунтход / С. Кхлонгруа (Тайланд) – 1-орын; Х. Сон Бон / Л. Джи Хван (Оңтүстік Корея) – 2-орын.

Әйелдер жұбы (Women's Doubles): Л. Бубнова / В. Львова (Ресей) – 1-орын; Х. Ин Кён / П. Джу Юн (Оңтүстік Корея) – 2-орын.

«Квад» жұптары (Quad Doubles): Б. Джайен / С. Ямпапха (Тайланд) – 1-орын; Ч. Мин Хён / К. Кю Сын (Оңтүстік Корея) – 2-орын.

«Zijin RG Gold компаниясы үшін мұндай турнирге демеушілік жасау – адаптивті спортты дәріптеуге және спортшылардың өз әлеуетін толық көрсетуіне тең мүмкіндіктер туғызуға қосқан саналы үлесіміз. Осы инклюзивті экожүйені дамыту компанияның әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді», – деп атап өтті Zijin RG Gold компаниясының бас атқарушы директоры (СЕО) Ли Каивен.

Ұйымдастырушылар бұл турнирді дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп, келер жылы да халықаралық ITF Wheelchair 50 сериясы аясында ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, әр санаттағы жеңімпаздар 50 рейтингтік ұпайға ие болды. Бұл спортшыларға әлемдік рейтингтегі позицияларын айтарлықтай жақсартуға және алдағы ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде Азия Пара Ойындары мен Паралимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді.



Күн шежіресі