logo

Паралимпиадаға санаулы күн қалды

Паралимпиадаға санаулы күн қалды

28 тамыз Парижде басталатын XVII Жазғы Паралимпиада Ойындарына Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық», - делінген министрлік хабарламасында.

Паралимпиада 8 қыркүйекке дейін жалғасады.



Күн шежіресі