logo

Әлемдік рекорд: Бір қолы, бір аяғы жоқ спортшы Бурабай көлін жүзіп өтті

Әлемдік рекорд: Бір қолы, бір аяғы жоқ спортшы Бурабай көлін жүзіп өтті

Елорда тұрғыны Ақназар Муталипов апатқа ұшырап, бір қолы мен бір аяғынан айырылса да, биік белестерді бағындырып жүр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазір ол протездің көмегімен жүріп-тұрады, дегенмен жас жігіт тағдыр тәлкегіне мойымайды.

26 жастағы Ақназар Муталипов Қарағанды облысының тумасы. Ол туған жерінде орта және жоғары білім алып, теміржолға жұмысқа тұрған. Өкінішке қарай, жас маман еңбек жолын бастай бергенде қайғылы жағдайға тап болған.

Ерен еңбек пен төгілген тер нәтижесін көп күттірмеді. Ақназар биыл наурызда Тараз қаласында өткен 400 метрге еркін жүзуден жарыс жеңімпазы атанды.

«Содан соң алдыма Бурабай көлін жүзіп өту мақсатын қойдым. Бассейнде күнделікті жүзіп, дайындықты жалғастырдым. Сондай-ақ, картадан көлдің ұзындығын қарасам, шашамен 2 шақырым болып көрінді, бірақ, жүзіп өткен соң 2,5 шақырым болып шықты. Мақсатыма жеттім, әрине қасымда жаттықтырушым болды», - дейді ол.

Жерлесіміздің ендігі арманы жеке жеңісін Гиннестің рекордтар кітабына енгізу.

«Гиннестің ресми сайтына кіріп, зерделеп шықтым, бір қолы мен бір аяғы жоқ жандар арасында мұндай қашықтықта әлі ешкім жүзіп өтпеген. Өз рекордымды Гиннеске енгізгім келеді, бірақ, бәрі қаржыға келіп тіреледі, қолдау керек. Сол үшін қазір демеуші іздеп жатырмын. Ал Бурабайды таңдаған себебім, бұйырса, Гиннес рекордтар кітабына енуге өтінім берсек, оның өкілдері Бурабайға келіп, өз көздерімен көруі керек. Осы орайда мен бір оқпен, екі қоянды атқым келім отыр. Бір жағынан рекорд орнату, екінші жағынан табиғаты әсем Бурабайды әлемдік деңгейде таныта түсу. Өзіңіз ойлаңыз, Гиннес рекордтар кітабының Facebook парақшасында 40 млн, ал Instagram желісінде 10 млн оқырман бар», - дейді пара жүзуші.

Отандасымыздың алдағы уақытта пара жүзуден республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, басқа да өзендерді жүзіп өту жоспары бар.



Күн шежіресі