logo

Елімізден он пара дзюдошы Парижге аттанады

Елімізден он пара дзюдошы Парижге аттанады

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпиада ойындарында ел намысын пара дзюдодан он спортшы қорғайтын болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Әйелдер арасында:

Науатбек Ақмарал, 48 кг (J2)

Федосова Даяна, 57 кг (J2)

Мереке Аяла, 70 кг (J2)

Райфова Зарина, +70 кг (J2)

Альфия Тлеккабыл, 57 кг (J1)

Ерлер арасында:

Ерғали Шамей, 73 кг (J1)

Бауыржан Арстанбеков, 90 кг (J1)

Ерлан Утепов, +90 кг (J1)

Жұрқамырза Шүкірбеков, +90 кг (J2)

Ғалымжан Смағұлұлы, 90 кг (J2)

Еліміздің 9 спортшысы рейтинг бойынша үздік 8-ке кіріп, Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Ал, Альфия Тлеккабыл Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты (bipartite) комиссясының шешімімен лицензиаттар қатарына қосылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан спорттың 9 түрі бойынша 32 лицензия жеңіп алды: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (4), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2), пара оқ ату (2) және пара дзюдо (10).