logo

Қазақстандықтар пауэрлифтингтен Әлем Кубогында бес медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар пауэрлифтингтен Әлем Кубогында бес медаль жеңіп алды

Дубайда өткен пара-пауэрлифтингтен Әлем Кубогында қазақстандық спортшылар екі «алтын» және үш «қола» медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жастар арасында Зарина Ашир 50 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді, 63 кг салмақты еңсеріп. Үш қадамның жиынтығы бойынша 166 ұпай жинаған Зарина екінші алтын медаль жеңіп алды.

Ересектер арасында 50 кг салмақта Айжан Беримкулова үш қадамның жиынтығы бойынша үшінші орынға табан тіреді.

Ерлер арасында Давид Дегтярев 54 кг салмақ дәрежесінде 171 кг көтеріп, үшінші орынға ие болды және үш қадамның жиынтығы бойынша да үшінші орынды алды.

Сондай-ақ, жарыста Данагүл Есжанова 46 кг салмақта алтыншы орын, Ерболат Қарибай 49 кг салмақта жетінші орын, ал Асхат Жұманов 88 кг салмақ дәрежесінде оныншы орынды иеленді.

Пара-пауэрлифтингтен әлем кубогы 28 ақпаннан 6 наурызға дейін өтті. Жарысқа әлемнің 33 елінен 180-нен астам спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасынан 6 спортшы бақ сынады.