logo

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстанның атынан Айнұр Абдықалықова өз өнерін ортаға салды. 45 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз жұлқа көтеруде 62 келі, ал серпе көтеруде 75 келіні бағындырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен 4-орынға табан тіреді.

1-орын. Вон Сим Хюн (Солтүстік Корея) - 192 (86+106) келі

2-орын. Сиривимон Прамонгхол (Таиланд) - 163 (72+91) келі

3-орын. Хонг Зи-Ю (Тайпей) - 162 келі (72+90)

4-орын. Айнұр Абдықалықова (Қазақстан) - 134 (62+75) келі

Алдағы күндері жарыс жолына тағы 6 отандасымыз шығады. Әйелдер арасында Арай Нұрлыбекова (87 кг) бақ сынаса, ерлердің бәсекесінде Сайрамкез Ақмолда (67 кг), Әлібек Рақымберді (81 кг), Александр Уваров (81 кг), Сергей Петрович (89 кг) және Кирилл Староверкин (96 кг) ел насымын қорғайды.

10 ақпанға дейін жалғасатын Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар үлестіріледі.

Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.