Өзбекстан олимпиадалық құрамасының бас бапкері Азия Кубогындағы мақсат туралы
Өзбекстан олимпиадалық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе өз командасының 2024 жылғы Катардағы Азия жастар Кубогындағы үміттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Біз толығымен дайынбыз және денсаулығымыз жақсы. Біздің нақты мақсатымыз бар — бұл турнирде жеңіске жету. Біз бұл жарыстарға ұзақ уақыт дайындалдық. Тапсырманы орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біздің ойыншылардың бұл үшін таланты мен шеберлігі жеткілікті деп санаймын. Малайзияға қарсы бастапқы матч өте маңызды болады. Біз өз күшімізге сенімдіміз және турнирді жеңіспен бастауға ниеттіміз. Бұл ретте біз алдағы қарсыласқа құрметпен қарап, жақсы дайындалудамыз, - деді Кападзе.
Өзбекстан құрамасы турнирдегі жорығын 17 сәуірде Малайзияға қарсы ойынмен бастайды.
Азия Кубогының барлық матчтарын Sport Plus Qazaqstan телеарнасының эфирінен, сондай-ақ sportplustv.kz сайттынан көруге болады.