logo

Осимхеннің Түркия Суперлигасындағы дебюті Sport Plus Qazaqstan эфирінде

Осимхеннің Түркия Суперлигасындағы дебюті Sport Plus Qazaqstan эфирінде

«Галатасарай» командасы қазір Түркия чемпионатының ең қымбат футболшысы Виктор Осимхенді итальяндық «Наполиден» жалға алып, трансферлік нарықты жарып жіберді.

Жұлдызды шабуылшының дебюті «Ризеспорға» қарсы матчта өтпек. Аталмыш клубта бір кездері қазақстандықтар Дэвид Лория мен Самат Смаков ойнады.

Сонымен қатар, Стамбулдық гранд және Осимхенсіз Суперлиганың алғашқы ойындарында үш рет жеңіске жеткен жұлдызды құрамға ие.

Енді гранд өз алаңында чемпионатты жақсы бастап кейін нәтижелері төмендеген «Ризеспорды» қабылдайды - олар үзіліс алдында екі рет жеңіліп қалды.

«Галатасарай» — «Ризеспор» матчы 14 қыркүйекте сағат 21:55–те басталады. Тікелей эфирде бұл ойынды Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі