«Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең тарқасты
«Ақтөбе» Премьер-лиганың 18-турындағы орталық матчта Шымкентте ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қызыл-ақтар» алғашқы болып гол соқты, оның авторы Хосе Севальос болды. Алайда екінші таймда Шахбоз Умаровтың голының арқасында алаң иелері есепті теңестірді.
Бұл тең ойын «Ақтөбе» үшін қатарынан үшінші рет болды, ал келесі турда олар Қобыланды батыр стадионында «Елімайды» қабылдайды.
«Ордабасы» болса, Александр Кучманың басшылығымен алғашқы матчын өткізді, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, «Қайсарға» қарсы матчқа оларды Кирилл Кекер дайындайды.