logo

«Ордабасы» Кирилл Кекердің жұмыстан шығу туралы өтінішін қабылдамай қойды

«Ордабасы» Кирилл Кекердің жұмыстан шығу туралы өтінішін қабылдамай қойды

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Жеңіс» клубынан жеңілісінен (1:2) кейін қызметінен кету жөнінде өтініш берген еді, деп хабарлайды Sport +.

Алайда клуб басшылығын бұл өтінішті қанағаттандырмады.

«Ресми түрде – Кирилл Кекер клубпен жұмысын жалғастырады! Кешегі матчтан кейін бірқатар БАҚ біздің клубтың бас бапкері Кирилл Сергеевич қызметінен кетеді деп хабарлады, алайда бұл шындыққа жанаспайды.

Біз жанкүйерлерімізді тағы да клубтың ресми арналарына сенуге шақырамыз. Клуб үшін маңызды кезеңде жанкүйерлерімізді маусымды сәтті аяқтау үшін команданың айналасында топтасуға шақырамыз!», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

Ол шымкенттік клуб тізгінін тамыз айында ұстаған еді. Аталған қызметте маман беларусьтік Александр Сенденвті алмастырды. Келісім-шарт жыл соңына дейін жасалды. 

Айта кетсек, шымкенттік клуб қатарынан екі мәрте жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды. Өткен жылы чемпиондық атаққа қол жеткізген команда биыл да сол жетістігін қайталауды алдына мақсат етіп қойған болатын.