«Атырау» құрамын Равиль Атыхановпен толықтырды

«Атырау» 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Равиль Атыхановпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Равиль Атыханов бұған дейін тек туған «Жетісу» клубында ойнаған. Ол сол қанаттағы вингер ретінде ойын көрсетеді.
Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында ойыншы 57 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.