logo

«Бенфика» бес голмен болған матчта «Морейренсені» жеңді (видео)

«Бенфика» бес голмен болған матчта «Морейренсені» жеңді (видео)

Португалия чемпионаты аясында лиссабондық «Бенфика» қарсыласы «Морейренсені» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

«Бүркіттер» керемет бірінші таймды өткізді. Вангелис Павлидис пен Николас Отамендидің арқасында олар үш гол соқты.

Қонақтар Бернардо Мартинстің күшімен жауап қайтарды.

Екінші таймның соңында «Морейренсе» футболшылары тағы да гол соғып үлгерді, Ива Родригеш қанжығасын майлап, матчты соңғы минуттарда қыздырды.

«Бенфика» қазір Примерада 2-ші орынға жайғасты, ал «Спортинг» олардан 4 ұпайға алда.



Күн шежіресі