Он қазақстандық WTT Contender Almaty 2026 турнирінің негізгі кезеңінде ойнайды
WTT Contender Almaty 2026 турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды. 3 қыркүйекте жарыстың негізгі кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+.
Ерлер арасында бірден үш спортшы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, негізгі кезеңге жолдама алды. Өкінішке қарай, қазақстандық қыздар іріктеу кезеңінде жеңіске жете алмады. Осылайша, әйелдер арасындағы жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстанның төрт өкілі өнер көрсетеді. Олар: Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Ангелина Романовская және Жанерке Кошкумбаева.
Ерлер арасындағы негізгі кезеңде Қазақстан сапынан алты спортшы бақ сынайды: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Фан Бо, Ирисбек Артукметов, Санжар Жұбанов және Искендер Харки.