Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен WTT Feeder турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасының өкілдері Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық үстел теннисшілер ерлер арасындағы жұптық сында күміс медаль жеңіп алды.
Турнир барысында Герасименко мен Харки Франция өкілдері Эстебан Дорр мен Флориан Буррассоны 3:2, Өзбекстан спортшылары Шохрух Искандаров пен Кутбидилло Тешабоевты 3:0, сондай-ақ, Ресей құрамасының өкілдері Денис Ивонин мен Никита Артёменконы 3:1 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық жұп Ресей спортшылары Максим Гребнев пен Лев Кацманға 0:3 есебімен есе жіберді.