Олимпиада жүлдегері Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды
Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Танатаров басқарып отырған Алматы облысының спорт басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ вице-президент лауазымына Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко та тағайындалды.
Ал Федерацияның бас хатшысы қызметін Дамир Бекбосынов атқаратын болды.