logo

Олимпиада қатысушысы, Әлем чемпиондары мен Азия жүлдегерлері «Мұнай астанасы кубогының» бірінші күні өнер көрсетеді

Олимпиада қатысушысы, Әлем чемпиондары мен Азия жүлдегерлері «Мұнай астанасы кубогының» бірінші күні өнер көрсетеді

17 қыркүйекте Атырауда грек-рим және еркін күрестен «Мұнай астанасы кубогы» халықаралық турнирі басталады, оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан және Түркия балуандары қатысады.

Бірінші күні грек-рим күресінен 55, 63, 72, 82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде белдесулер өтеді.

Бұл салмақ дәрежелерінде Токио Олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов, жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Арсен Жұма, Саматбек Ізімғали, Олжас Сұлтан және т. б. өнер көрсетеді.

Жарысты тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ Sportplustv.kz сайтында көруге болады.



Күн шежіресі