logo

Ақмола облысында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды

Ақмола облысында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды

Ақмола облысының Есіл қаласында спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген Ысқақовты және спорт шебері, Қазақстан чемпионы Мәди Ысқақовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы турнир өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден 270 спортшы қатысты. Жас палуандар 22 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер атағы үшін күресті.

29 келіге дейінгі салмақта Аян Әлжанов бірінші орынға лайық болды, Дидар Есенгелдинов екінші орын алды. 31 келіге дейінгі салмақта Омар Әлдибек, Мансұр Науырызбек, Айсұлтан Амантай және Алдияр Қаратай жеңімпаз атанды. Олардың барлығы 2013-2014 жылдары туған.

2010-2011 жылғы спортшылар санатында 38 келіге дейінгі салмақта Максим Сысолятин жеңіске жетті. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дәулет Бақытжан бірінші, ал Адам Катиев екінші орынға ие болды.

2008-2009 жылы туған спортшылар арасында 48 келіге дейінгі салмақта Ерлан Түркібай мен Дмитрий Мороз жүлдегер атанды. 51 келіге дейінгі жеңімпаз – Нұрсұлтан Сәрсенбаев.

55 келіге дейінгі салмақта Никита Шлома, 60 келіге дейінгі салмақта Әлкей Марғұлан, 71 келіге дейінгі салмақта Расул Ахметқалиев үздік атанды. 110 келіге дейінгі салмақта Ыдырыс Бірімжанов жүлдегер болды.