Күрес түрлерінен Азия чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы 7 жүлде еншіледі
Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер арасында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) дараланды.
Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан балуандары Азия чемпионатын аяқтаған болатын. Жастар арасындағы бәсекеде жас балуандар сегіз медаль иеленді.