Жәмиля Бақбергенова Бішкекте Олимпиадалық квота үшін күреседі
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Бішкекте (Қырғызстан) іріктеудің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz.
Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі квотаға таласады.
Іріктеу аясында Бақбергенова Хуи Чан (Тайбэй) мен Светлана Окназарованы (Өзбекстан) жеңді.
Ол Олимпиадаға жолдама алу үшін Джоао Вангпен (Қытай) күреседі.