logo

Нұрқанат Райыс халықаралық турнирдің ширек финалында өзбекстандық боксшымен жұдырықтасады

Нұрқанат Райыс халықаралық турнирдің ширек финалында өзбекстандық боксшымен жұдырықтасады

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Страндж Кубогының ширек финалы сатысында қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық Өзбекстан өкілі Фазлиддин Эркинбаевпен кездеседі. Жекпе-жек тоғызыншы ақпан күні кешкі сессияда өтеді.

Ширек финалға қазақстандық командадан тағы бес боксшы шықты: Санжар Ташкенбай (51 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Ерасыл Танқай (63,5 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (80 келіге дейін) және Абзал Құттыбеков (92 келіге дейін).