logo

Нұрлан Қоянбаев Қазақстан құрамасына «Ливерпульдің» бұрынғы бапкерін шақыруды ұсынды

Нұрлан Қоянбаев Қазақстан құрамасына «Ливерпульдің» бұрынғы бапкерін шақыруды ұсынды

Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісіндегі Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жазбасының астына пікір қалдырып, футболдан әлем чемпионатына шығаратын ұлттық ауқымды жоба құруды ұсынды, деп хабарлайды Sport+.

«Әлем чемпионатында Қазақстан ойнайды» - деген мемлекеттік жоба керек! Осы нәтижеге жету үшін менеджерлер жинау қажет! Бүкіл әлем еститін қадамдар қажет! Бұл жобаның бас жетекшісі қылып — Юрген Клоппты шақыру керек! Оған әлемдегі ең қымбат айлық беру керек — мысалы 12 млн доллар!!! Ол ақшаны қайдан аламыз, проблем жоқ, жыл сайын Винокуровқа (Велосипед) берген ақшаны енді футболға берейік! Не үшін бәрі? Біздің елге үлкен серпіліс керек! Біріктіретін үлкен тірлік керек! Мақсат өзгерсе бәрі ойнап кетеді», — деді Қоянбаев.

Айта кетейік, кеше, 24 желтоқсанда, ҚФФ ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың отставкасы туралы қауесеттерге байланысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.