Максим Самородов: Голымның лигада екі ай бойы үздік деп танылғаны өте қуанышты
«Ахмат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов қараша-желтоқсан айларында РПЛ-да ең үздік деп танылған «Крылья Советов» командасының қақпасына соққан голына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
– Голымның лигада екі ай бойы үздік деп танылғаны өте қуанышты. Алдағы уақытта да жанкүйерлер мен команданы соққан голдарыммен қуанта беремін деп үміттенемін, – деді Самородов.